3 науқастың жағдайы өте ауыр
Қазақстанда коронавирус жұқтыру көрсеткіші сәл төмендеді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 1477 дерегі тіркелді:
Осылайша, елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны 1 318 44 адамға жетті.
316 адам коронавирустан айықты:
Елімізде барлығы 1 295 754 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
18 шілдедегі мәлімет бойынша 8 733 адам коронавирустан емделіп жатыр.
Олардың ішінде 680 пациент стационарда, 8 053 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 15 адамның жағдайы ауыр, 3 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, кеше COVID-19 жұқтырудың 1546 дерегі тіркелген еді.