COVID-19: 8 мыңнан аса науқас емделіп жатыр
3 науқастың жағдайы өте ауыр
Қазақстанда коронавирус жұқтыру көрсеткіші сәл төмендеді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 1477 дерегі тіркелді:
- Нұр-Сұлтанда – 493,
- Алматыда – 573,
- Шымкентте – 66,
- Ақмола облысында – 30,
- Ақтөбе облысында – 6,
- Алматы облысында – 91,
- Атырау облысында – 30,
- Шығыс Қазақстан облысында – 8,
- Жамбыл облысында – 59,
- Батыс Қазақстан облысында – 19,
- Қарағанды облысында – 33,
- Қостанай облысында – 6,
- Қызылорда облысында – 22,
- Маңғыстау облысында – 6,
- Павлодар облысында – 10,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 5,
- Түркістан облысында – 20.
Осылайша, елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны 1 318 44 адамға жетті.
316 адам коронавирустан айықты:
- Нұр-Сұлтанда – 76,
- Алматыда – 232,
- Қызылорда облысында – 5,
- Павлодар облысында – 3.
Елімізде барлығы 1 295 754 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
18 шілдедегі мәлімет бойынша 8 733 адам коронавирустан емделіп жатыр.
Олардың ішінде 680 пациент стационарда, 8 053 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 15 адамның жағдайы ауыр, 3 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, кеше COVID-19 жұқтырудың 1546 дерегі тіркелген еді.