Ресейде тікұшақ апатқа ұшырады
Тікұшақ бортындағы барлық адам қаза тапқан
Тікұшақ бортында Ресей құрамасының бұрынғы биатлоншысы Игорь Малиновский болған. Ол тікұшақты өзі басқарған.
Узон жанартауынан Милково ауылына бағыт алған Robinson тікұшағымен сенбіде, 16 шілдеде Камчатка маңында келгенде байланыс үзілген, деп хабарлайды РИА Новости.
Жоғалған тікұшақты 17 шілдеде Узон жанартауынан 13 шақырым жердегі Семячик асуы маңынан жолай өтіп бара жатқан тікұшақ экипажы байқаған.
Өңірлік ТЖД деректері бойынша, тікұшақ бортындағы барлық адам қаза тапқан. Ресей биатлоншылар одағы да спортшының қаза болғанын растады.