Ең төмен баға - Маңғыстау облысында
Елдегі қанттың орташа бағасы келісіне - 493 теңге. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап берген Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
«2022 жылғы 12 шілдедегі жағдай бойынша елдегі қант қоры - 26,9 мың тонна. Фискалдық деректер операторының (нақты кассалық чектердің жиынтық деректері) ақпаратына сай, 12 шілдеде республика бойынша қанттың орташа бағасы келісіне - 493 теңге болды. Ең төмен баға - Маңғыстау облысында. Онда қанттың келісі - 442 теңге. Ал қанты ең қымбат өңір - Қарағанды облысы. Мұнда қанттың келісі 564 теңгеден саудаланып жатыр. Сауда және интеграция министрлігінің Сауда департаменті күн сайын дүкендер мен супермаркеттердегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізеді», - деп мәлім етті министрліктің баспасөз қызметі.
Ведомство ақпаратына сәйкес, 13 шілдедегі елдегі қант бағасы:
Нұр-Сұлтан қ. – келісі 495-850 теңге;
Алматы қ. – келісі 445-740 теңге;
Шымкент қ. – келісі 529-800 теңге;
Ақмола облысы – келісі 780 теңге;
Ақтөбе облысы – келісі 489-638 теңге;
Алматы облысы – келісі 459-850 теңге;
Атырау облысы – келісі 680-800 теңге;
Шығыст Қазақстан және Абай облыстары – келісі 850-980 теңге;
Жамбыл облысы – келісі 551-900 теңге;
Батыс Қазақстан облысы – келісі 483-650 теңге;
Қарағанды облысы – келісі 730-905 теңге;
Қостанай облысы – келісі 520-930 теңге;
Қызылорда облысы – келісі 518-800 теңге;
Маңғыстау облысы – келісі 489-850 теңге;
Павлодар облысы – келісі 690-900 теңге;
Солтүстік Қазақстан облысы – келісі 330-770 теңге;
Түркістан облысы – келісі 518-800 теңге.
Еске сала кетейік, бұл уақытқа дейін Қазақстан Ресейден 168 мың тонна қант сатып алатынын жазған едік.