Маңғыстау облысының экс-әкімі жаңа қызметке сайланды
Комитетті басқарып келген Ольга Перепечина Сенат төрағасының орынбасары лауазымына сайланды
Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Серікбай Трұмов Сенатта Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болып сайланды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, комитет төрағасы депутаттардың арасынан, сенаторлардың ұсынысы бойынша сайланады. Осы орайда бүгін Сенаттың жалпы отырысында осы лауазымға Серікбай Өтелгенұлы Трұмов ұсынылды. Ол осыған дейін Маңғыстау облысының әкімі қызметін атқарып, ал 2021 жылғы қыркүйектен бастап Сенат депутаты болды.
Ашық дауыс беру арқылы шешім қабылданып, Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы лауазына Серікбай Трұмов бекітілді.
Бұған дейін Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы лауазымын Ольга Перепечина атқарған еді. Бүгін палатаның жалпы отырысында ол аталған комитетті басқару қызметінен босатылып, Сенат төрағасының орынбасары лауазымына сайланды.