×

Ақтөбе облысында жойқын жарылыс болды (ВИДЕО)

Шақырту орнына жедел түрде 26 қызметкер және 7 бірлік техника жіберілді

 Халық үні 17.07.2022 | 23:57
фото: ашық дереккөзден

Бүгін, 17 шілдеде Ақтөбе облысы, Алға қаласында «ЛиманГаз» газ құю бекетінде сыйымдылығы 46 текше метр цистерна жарылды, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі. 

Департаменттің мәліметінше, жарылыс салдарынан «Тойота Камри» маркалы 1 жеңіл автокөлік, көтергіші бар жүк көлігі мен газ құю стансасының әкімшілік ғимараты жанып кетті.

«Шақырту орнына жедел түрде 26 қызметкер және 7 бірлік техника жіберілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілер өздерінің кәсібилігінің, жеделдігінің  арқасында жақын жерде орналасқан бөгде ғимараттарға таралуына жол бермей, өртті дер кезінде сөндірді. Ақтөбе облысы ТЖД өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді. Өрт шыққан жағдайда 101, 112 нөміріне хабарлаңыздар», - делінген хабарламада. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама