Алматыда бойжеткенді аяусыз сабаған күдікті ұсталды
Алматыда соққыға жығылған қыздың видеосы әлеуметтік желіде тарады
«Төле би – Байтұрсынов қиылысы, АТУ-ға тура қарама-қарсы, қыз соққыға жығылды, себебі әзірге белгісіз», - деп жазды желі қолданушылары.
Алматы Полиция департаменті әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында әйелді ұрып-соғу дерегі анықталғанын мәлім етті.
«Алматы қаласының Полиция департаменті бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін хабарлайды. Жәбірленушінің танысы болып келетін күдікті ұсталды. Қылмыстық іс шеңберінде тиісті сараптамалар тағайындалды. Кінәлі адам заңға сәйкес қатаң жазаланатын болады. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.