Тиісті өкім шықты
Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Валитханұлы Тұқымов Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымына тағайындалды.
Сондай-ақ Зарема Каукенқызы Шаукенова Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры қызметінен босатылды.
Институт Қазақстанның сыртқы және ішкі саясаты, оның әлеуметтік-экономикалық дамуы сияқты стратегиялық мәселелер бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізеді, ел басшылығы үшін болжама-талдау сипатындағы материалдар дайындайды.