Жыланның бастары бәрібір ас қорыту жүйесінің бір екенін түсінбей, тамақ үшін бір-бірімен күреседі
Әлеуметтік желіде Үндістандағы екі басты жыланның видеосы тарауда. Деоли ауылындағы Баладжи ғибадатханасының жанынан ұзындығы шамамен 18 сантиметр болатын ерекше жылан табылған. Жабайы табиғат мамандары бұл құмды жыланды шамамен алты айлық жаста деп есептейді. Жыланның бұл түрі ауданда алғаш рет байқалған.
Екі басы бар жорғалаушыға қазір жергілікті табиғатты қорғау мекемесінде күтім жасалуда. Мамандар мұндай даму ауытқулары бар жыландар ұзақ өмір сүрмейтінін атап өтті. Себебі жыланның бастары бәрібір ас қорыту жүйесінің бір екенін түсінбей, тамақ үшін бір-бірімен күреседі. Сондықтан бұндай жыландар үш айға жетпей өліп қалады.
Мамандардың айтуынша, әдетте бір бас екіншісіне қарағанда жақсы дамиды.