Ресей депутаты азаматтықты ауыстыруды мемлекеттік сатқындыққа теңестіруді ұсынды
Соңғы 10 жылдың ішінде 93 ресейлік спортшы азаматтығын өзгерткен
Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Роман Терюшков спортшылардың азаматтығын ауыстыруын мемлекетке опасыздық жасауымен теңестірілуі керектігін айтады.
Президент заңға қол қойды. Оған сәйкес әскери жағдайда жаудың жағына өту мемлекеттік өзгеріс болады. Мен ұлттық құрама спортшылары үшін спорттық азаматтықты ауыстыруды мемлекеттік опасыздық жасаумен теңестіруді ұсынамын, - деп жазды депутат Telegram-дағы парақшасында.
Роман Терюшков спорт министрлігінің хабарламасына сілтеме жасай отырып, соңғы 10 жыл ішінде 93 спортшының азаматтығы өзгерді деп жазады.
«Индивидуалист» спортшыларға бюджеттен 200 миллион рубль жұмсалған. Бұл тек олардың ұлттық құрамаға алынған сәттен бастап алған жалақысы мен жүлдесі. Бұған медицина, киім-кешек, жаттықтырушылар штабы және тағы басқа шығынды қосыңыз. Құрамаға қабылданғанға дейінгі дайындықтарына қанша қаржы жұмсалғаны белгісіз. Бірақ ол сома да аз емес екені түсінікті. Заңнама жеке тұлғалардың мүдделерін қоғам мүдделерінен жоғары қояды», - деп толықтырды депутат.
КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Татьяна Тарасова «РБК Спорт» порталына берген сұхбатында депутаттың Мемлекеттік Думада емес, психикалық ауруханада отыруы керек деген пікірін айтты.
Азаматтықты ауыстыру – бұл әркімнің жеке ісі, - деп атап өтті танымал жаттықтырушы.
Айта кетсек, азаматтықты өзгертуге байланысты жанжал қазақстандық кәсіпқой тенисші Елена Рыбакинаның Уимблдондағы жеңісінен кейін басталған болатын. Ресейлік БАҚ теннисшінің Мәскеуде туғанын алға тартты. Ал спортшының өзі азаматтығын өзгерткенін және жарыстарда Қазақстан атынан шығып жүргенін бірнеше рет мәлімдеді.