×

Ержан Сәденов Ішкі істер министрінің орынбасары болды

Елордалық полиция департаментінің басшысы жаңа қызметке келді

 Халық үні 26.01.2022 | 16:15
фото: ашық дереккөзден

Тиісті өкім Ақорда сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, – делінген құжатта.

Ал Арыстанғани Расылханұлы Заппаров Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.

ЕРЖАН СӘДЕНОВ

1968 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Құйған ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары. 1993 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 1998 жылы ҚР ҰҚК Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған.

Қызмет жолын 1993 жылы Шығыс Қазақстан облысы ІІБ ауданаралық жедел-іздестіру бөлімінің жедел уәкілі лауазымынан бастайды.

1994 жылы ШҚО ІІБ жедел-іздестіру бөлімінің аға жедел уәкілі болып тағайындалды.

1995 - 1996 жылдар аралығында ШҚО Өскемен қаласы ІІБ жедел-іздестіру бөлімі жанындағы автокөлікті ұрлау және айдап әкетуге қарсы күрес бөлімшесінің бастығы болды.

01.01.1996 - 19.03.1996 аралығында ШҚО Өскемен қаласы қылмыстық іздестіру бөлімі мүліктік және нашақорлық қылмыстарды ашу бөлімшесінің бастығы лауазымында болды.

1997 - 1998 жылдары ШҚО ІІБ жеке тұлғаға қарсы қылмыстарды ашу басқармасының іздестіру бөліміне басшылық етті.

1998 жылғы ақпанда ШҚО ІІБ аса қауіпті қылмыстарға қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер жөніндегі бөлім бастығы лауазымына тағайындалды.

1998 - 2000 аралығында ШҚО ІІБ аса маңызды істер жөніндегі бөлім бастығы.

2000 жылы ШҚО ІІБ Зайсан ауданы ІІО бастығы лауазымына тағайындалды.

2004-2006 жылдары ШҚО ҚІІБ Тарбағатай ауданына ІІО басшылық етті.

2006 жылғы қыркүйекте ШҚО ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасы бастығы лауазымына тағайындалды.

2008-2009 жылдары ШҚО ІІД Риддер қаласы ІІО бастығы.

2009 жылғы мамырда ШҚО ІІД Өскемен қаласы ІІБ бастығы лауазамына тағайындалды.

2009 жылғы тамызда Маңғыстау облысы ІІД бастығының бірінші орынбасары лауазамына ауыстырылды.

Одан кейінгі қызметтік жолы 2013 жылдан 2015 жылға дейін ҚР ІІМ «Р» департаментінің бастығы лауазымында өтті.

2015 жылы көліктегі ІІД бастығының міндетін атқарушысы лауазымына тағайындалса, наурызда көліктегі ІІД бастығы лауазымына тағайындалды.

2016 жылғы маусымнан 2019 жылғы сәуірге дейін Ақмола облысы ПД бастығы.

2019 жылғы сәуірде Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды.

«Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011ж.), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015ж.), «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016ж.) мерейтойлық медальдарымен, Қазақстанның Құрмет грамотасымен (2013ж.), ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен (2018 ж.), ІІО қызметкерлерінің атыс қаруымен марапатталған (2017ж.).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама