Қазақстанның авиациялық билігі Air Astana және FlyArystan компанияларына қатысты тергеу жүргізеді
Жолаушылардың құқықтарын бұзу фактілері анықталған жағдайда, авиакомпаниялар әкімшілік жауапкершілікке тартылады
Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабар етті.
Әлеуметтік желілердегі Air Astana және FlyArystan авиакомпанияларының Алматы - Мале, Нұр-Сұлтан-Ташкент және Алматы - Қостанай рейстері, сондай-ақ басқа да бағыттар бойынша кешігу фактілеріне қатысты жолаушылардың көптеген өтініштеріне байланысты ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті және Қазақстанның авиациялық әкімшілігі тиісті тергеу жүргізетін болады, – деп жазылған хабарламада.
Ведомство рейстерді кешіктіру немесе орындалмаған кезде жолаушылардың құқықтарын бұзу фактілері анықталған жағдайда, авиакомпаниялар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.
Аталған рейстердің жолаушылары cc@сaakz.kz электрондық мекенжай бойынша жазбаша өтініш қалдыра алады.
Сонымен қатар азаматтық авиация тасымалдаушының кінәсінен рейс кідірген немесе орындалмаған жағдайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жолаушыларға тегін негізде ана мен бала бөлмесі, рейсті 2 сағат күткен кезде салқын сусындар, 4 сағат күткен кезде ыстық тамақ (бұдан әрі күндізгі уақытта әрбір 6 сағат және түнгі уақытта 8 сағат), сондай-ақ рейсті кері қайтарған кезде ыстық тамақ берілетінін, күндізгі уақытта 8 сағаттан артық және түнгі уақытта 6 сағаттан артық рейсті күткен кезде қонақ үйде тұру және тұратын жеріне дейін және әуежайға апаратын көлік беру керектігін еске салды.