ҚазМұнайГаз басшысы Президенттің сынынан кейін жоспардан тыс жиын өткізді
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тасқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев мұнай өңдеу зауыттары жұмысының жоспардан тыс тоқтауы мен ондағы оқыс оқиғаларды алдын алу жөнінде жиын өткізді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Компания төрағасы, ҚМГ мұнай өңдеу блогының және отандық МӨЗ басшылары ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау мәселелерін талқылады.
Мырзағалиев ел Президенті МӨЗ қызметін бірнеше мәрте сынға алғанын атап айтты. 14 шілдеде Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында МӨЗ-дердің жоспардан тыс тоқтауы салдарынан жекелеген кезеңдегі мұнай өнімдерінің тапшылығы мәселесіне тоқталды.
Зауыттар менеджменті өндіріс процесінің күрделілігіне және кез келген өндірісте сияқты штаттан тыс жағдайлардың сақталып отырған қаупіне қарамастан, оқыс оқиғалар үшін қашанда жауапты болады. Мұнай өңдеу зауыттарының басшылары бұл мәселені үнемі қатаң бақылауда ұстап, қандай да бір қауіп-қатер кезінде шұғыл түрде тиісті шаралар қабылдауға тиіс, - деді ұлттық компания басшысы.