Алматыда полицияға шабуылдап, провакация жасаған адвокат ұсталды (ВИДЕО)
Ол полиция көлігінің жолын жауып, алдыңғы доңғалағын тесіп, провкациялық әрекетке барған
Алматыда құқық қорғау органдарының ұйымдасқан қылмыстық топтарды жоюға бағытталған қызметіне кедергі келтіргені үшін адвокат Бұрхан Жансейітов ұсталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі мәлім етті.
Қаржы мониторингі агенттігі бұған дейін Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында белгілі кәсіпкерлік құрылымдарды ұзақ уақыт бойы рейдерлік басып алуды іске асырған бір топтың жолын кескенін хабарлаған болатын.
12 шілдеде Жансейітов күдіктілерге жасырын бақылау жүргізілгені туралы ақпарат алып, құқық қорғау органының қызметіне кедергі жасау мақсатында арандатуды мақсатты түрде ұйымдастырды, - деп хабарлады агенттіктен.
Тіпті, ол полиция көлігінің жолын жауып, алдыңғы доңғалағын тесіп, провкациялық әрекетке барған. Сондай-ақ Бұрхан Жансейтов полиция қызметкерлерін балағаттап, бопсалаған да көрінеді.