×

Қытайда белгілі қазақ журналисі қайтыс болды

Диктор Мұратбек Тесебаев 86 жасында дүниеден озды

 Дастан Жұмабекұлы 15.07.2022 | 16:39
фото: ҚазАқпарат

Қытай қазақтарына белгілі диктор Мұратбек Тесебаев 83 жасында дүниеден озды.

Бұл қайғылы хабарды ҚазАқпарат хабарлады.

Онымен 25 жыл бірге жұмыс істеген әріптес досы ақын, журналист, диктор Серік Әбілұлының айтуынша, Мұратбек Тесебайұлы Әнуарбек Байжановты өзіне кәсіби де, рухани да ұстаз тұтқан, дауысымен талайды тамсандырып, аға жолын қуған біртуар дара талант иесі еді.

«Салиқалы еңбек жолының 58 жылын радиоға арнаған, эфирден толығымен 50 роман оқыған ардагер журналист, диктор Мұратбек Тесебаев - шетелдегі қазақ журналистикасының дамуына елеулі еңбек сіңірген айтулы тұлға.

Мұратбек Тесебайұлы 1939 жылы 15 желтоқсанда Қытайдың Алтай аймағы Жеменей ауданында дүниеге келген. 2015 жылы ҚХР-ның Үрімжі қаласына ҚазАқпарат тілшісі арнайы барып белгілі диктордан сұхбат алған болатын», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама