Мемлекеттік дума демалысты тастап, шұғыл жиналды
Кезектен тыс мәжілісте Украинадағы соғыс талқыланды
Ресейдің Мемлекеттік думасының депутаттары Украинадағы соғысты талқылау үшін еңбек демалыстарын тастап, қызмет орындарына қайтып келді.
Бұл туралы Ресей мемлекеттік думасының ресми сайты хабарлады.
Мемлекеттік думаның төрағасы Вячеслав Володин Украинамен қарым-қатынастың Ресей үшін маңызды екенін айтты. Ол өздерін-өздері тәуелсіз республика деп жариялаған «ЛХР» деган бандиттік құрылымның «халықтық кеңесінің» депутаттарының алдында Украинадағы соғыс туралы айтып, қарулы қақтығыстар бітсе, Ресей Украинаның тату көршісі болатынына, орыс халқының өз жерінде бейбіт, еркін өмір сүретініне, олардың заңды мүдделері құрметтеліп, қамтамасыз етілетініне үміт артатынын атап өтті.
Оның айтуынша, Ресей Украинамен көптеген мәселелер бойынша кездесу өткізілген. Кездесулер энергиямен жабдықтауға, өнеркәсіптік кооперацияға, тікелей қаржылық-экономикалық көмек пен қолдауға қатысты болған. Ал қазір жағдай басқаша болып отыр. Батыс елдері Ресеймен күресу үшін екі ел арасында қақтығыс тудырды.
Осы ретте, ол Қырым мен Севастополь қаласының, Донецк пен Луганск «халық республикаларының» өз тағдырларын өздері шешіп, Украинадан тәуелсіз болуға толық құқылы екенін мәлімдеді.