×

«Оператор РОП» басқарушы директоры суицид жасады

Ашық дереккөздерде оның жұмыс кабинетінде өз-өзіне қол салғаны айтылды

 Қымбат Елтайқызы 26.01.2022 | 12:45
фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде «Оператор РОП» ЖШС басқарушы директоры жұмыс кабинетінде асылып қалды деген ақпарат тарады. Бұл мәліметті Halyq uni тілшісіне Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті растады.

Ер адамның денесінің табылуына байланысты Есіл ауданының полиция бөлімі қылмыстық кодекстің 105 бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір тиісті тергеу амалдары жүріп жатыр, – деді департаменттің баспасөз қызметі.

Бұған дейін «Оператор РОП» басшысы мен бұрынғы Экология вице-министрі ұсталды деп хабарлаған болатынбыз.

11 қаңтарда Мемлекет басшысы Мәжіліс отырысында автокөліктер үшін төленетін утилизация алымының мөлшерін қайта қарауды тапсырған еді. Нақтыласақ, үкіметке утилалымды және «Оператор РОП-тың» сол утилалымды иелік етуін тоқтату бойынша тиісті шараларды қолға алуды тапсырды.

«Бұл жұмыспен шет мемлекеттердегідей мемлекеттік ұйым айналысуы қажет,» - деді Президент.

«ӨКМ операторы» ЖШС 2015 жылдың соңында үкімет қаулысымен құрылды. 2016 жылдан бүгінге дейін утилизация алымы түрінде компанияға 691,9 миллиард теңге түсті. Оның ішінде отандық автокөлік өндірушілерге 338,9 миллиард теңге қайтарылса, экологиялық мәселелерді шешуге 102 миллиард теңге бөлінді. Ал 49,1 миллиард теңгесі салыққа төленді. Қазір екінші деңгейлі банктерде қалған қаржы – 220,6 миллиард теңге.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама