Ведомство басшысы бұл мәселеде кәсіпкерлердің пікірі ескерілетінін атап өтті
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елдегі эпидемиологиялық жағдайды бақылауға мүмкіндік беретін Ashyq қосымшасы қашан іске қосылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.
Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, Ashyq жүйесі «қызыл» аймақтағы өңірлерде енгізіледі. Егер елдегі эпидемиологиялық жағдай ушықса, ведомствоаралық комиссияда Ashyq жүйесін енгізу мәселесін талқылаймыз. Онда бизнес мүшелері де болады, - деді министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, Ashyq – елдегі эпидемиологиялық деректерді бақылау және талдау үшін әзірленген жоба. Мобильдік қосымшаны Цифрлық даму министрлігі және Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысымен отандық ІТ-компания әзірлеген. Жобаға бизнес субъектілері қатысады: СПА, фитнес орталықтары, кинотеатрлар және тағы басқа.
Ashyq мобильді қосымшасы Денсаулық сақтау министрлігінің базасымен интеграция арқылы келушінің статусын анықтауға мүмкіндік береді (коронавирус жұқтырғанын, жұқтырмағанын).