Түрікменстанда Бердімұхамедов Жапонияның экс-премьеріне арнап ас берді

Дастан Жұмабекұлы

Ол Синдзо Абэнінің рухына құран бағыштап, дұға оқыды

фото: facebook.com

Түрікменстан Республикасының бұрынғы президенті Гурбангулы Бердімұхамедов баласы елдің қазіргі басшысы Сердар Бердімұхамедовтың атынан Жапонияның экс-премьері Синдзо Абэге арнап ас берді.

Бұл туралы «Хроника Туркменистана» агенттігі хабарлады.

Дүниежүзінде қалыптасқан жағдай бойынша белгілі бір мемлекеттің басшысы өзі жақсы араласқан елдің жетекшісі қайтыс болса, сол елдің үкіметіне тек көңіл айту жеделхатын жібереді. Одан арыға бармайды. Сондай-ақ ол сол мемлекеттің елшілігіне барып, қайтқан адамның рухына тағзым етеді немесе өз елінде қаралы күн жариялап, мемлекеттік туларын төмен түсіреді. Жақында Жапонияның бұрынғы премьер-министрі қаза тапқанда көптеген елдердің жетекшілері Синдзо Абэні жоқтап, солай жасады.

Түрікменстанның бұрынғы басшысы Гурбангулы Бердімұхамедов Абэнің рухына басқаша құрмет көрсетті. Ол дастархан жайып, ас берді.