Halyq Uni логотип
×

Тоқаевтың сынынан кейін киік санын реттеудің басқа тәсілі қаралып жатыр

Мемлекет басшысы киік атуға рұқсат берген Экология министріне сөгіс жариялады

 Ербол Тұрымбет 15.07.2022 | 10:58
Тоқаевтың сынынан кейін киік санын реттеудің басқа тәсілі қаралып жатыр
коллаж: Halyq Uni

ҚР президентінің тапсырмасына сәйкес, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің төрағалығымен киіктердің популяциясын басқарудың жаңа тәсілдерін қарау мәселесі бойынша жиын өтті. Оған ғылыми ұйым мүшелері, мүдделі мемлекеттік органдар, сондай-ақ аңшылардың қоғамдық бірлестіктері қауымдастықтары қатысты.

Зоология институты мен Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының өкілдері әр популяцияның оңтайлы санын анықтау, тиімді мониторинг және тұрақты басқару үшін Қазақстандағы киік популяциясы ареалындағы экожүйелерді кешенді бағалау бойынша терең ғылыми зерттеулер жүргізу қажеттілігі туралы ұсыныс айтты. Киікті сақтау тұрғысынан, оны қорғай отырып, орынды пайдалану кезінде киік таралымының барынша мүмкін болатын мөлшерін ұстап тұру неғұрлым орынды болады.

Мұндай популяцияны басқару мұқият дайындықты қажет етеді. Аталмыш жұмыс басталып кетті және министрлікпен, барлық мүдделі тараптардың бақылауымен,  жұртшылықты хабардар ете отырып жүргізіледі, - делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ, жиында Серікқали Брекешев Ауыл шаруашылығы министрлігіне жабайы аңдардан келетін зиянды есептеу әдістемесін әзірлеу және фермерлерге келтірілген залалды өтеу мәселелерін қарау қажет екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама