123 адамды алдап, 149 млн теңге залал келтірген компания басшысы ұсталды
Күдікті кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды
Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді.
Елордалық полицейлер компаниялардың бірінің директорына қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады. Ол Норвегия Корольдігіне жұмысқа орналастырамын деген желеумен Қазақстанның 123 азаматын алдап, 149 миллион теңгеден астам көлемде залал келтірген. Күдікті кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды, - делінген Ақорданың хабарламасында.
Қылмыстық процестің үш буынды моделін іске асыру аясында аса ауыр санаттағы 928 істі тергеп-тексеру жұмыстары аяқталып, сотқа жолданған. Сонымен қатар, 8 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды.