Halyq Uni логотип
×

Кішкентай батыр. Он жасар бала дәретхананың тесігіне түсіп кеткен 3 жасар қызды құтқарды

Оқиға Алматы қаласының шетіндегі жеке үйлердің бірінде болған

 Қанат Атаманов 14.07.2022 | 23:00
Кішкентай батыр. Он жасар бала дәретхананың тесігіне түсіп кеткен 3 жасар қызды құтқарды
Фото: ашық дереккөздерден

Он жасар ержүрек Әлиханның батыл қимылының арқасында қаршадай қыз тірі қалды.

Instagram әлеуметтік желісіндегі almaty_kris_p паблигінде болған оқиға туралы видео жарияланды. Автордың айтуынша, кішкентай қыз тайып кетіп, үш метр тереңдіктегі дәретхана шұңқырына құлаған.

Жақын жерде 10 шақты балай онап жүрді. Бірақ барлығы абыржып қалды.  Тек 10 жасар Әлихан арқанның көмегімен дәретхананың тесігіне түседі. Шұңқырдың түбіне жеткен соң ол нәжіске батып бара жатқан қыздың белінен арқанмен байлап, оны жоғарыға жіберді, - делінген хабарламада.

Куәгерлердің айтуынша, балалар сол жерде жиналған улы газ күкіртсутегінің салдарынан өліп кетуі мүмкін еді.

«Әлихан тез әрі батыл әрекеттерінің арқасында қыздың да, өзінің де өмірін сақтап қалды», ‒ деп жазады басылым авторы.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама