Halyq Uni логотип
×

Ресейден Қазақстанға ақша аударымдарының көлемі үш есе өсті

Ең көп ақша Қазақстанға халықаралық аударым жүйелері арқылы Ресей, АҚШ және Қырғызстаннан жөнелтіледі

 Қанат Атаманов 14.07.2022 | 21:00
Ресейден Қазақстанға ақша аударымдарының көлемі үш есе өсті
Фото: ашық дереккөздерден

Қазақстанға арнайы жүйелер арқылы ақша аударымдары 2022 жылдың алғашқы бес айында 178,8 млрд теңгені құрады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 58,4%-ға артық, деп хабарлайды ranking.kz.

Сәуір (52,5 млрд теңге) және мамыр (69,2 млрд теңге) аралығындағы барлық сома мен көрсеткіштер рекордтық көрсеткішке ие болған. Қаражат жіберілген елдердің арасында Ресей көш бастап тұр (40%-дан астам). Ол жақтан Қазақстанға қаңтар-мамыр айларында 72,3 млрд теңге жіберілген. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,1 есе жоғары. Сәуір айында РФ-дан Қазақстанға 18,3 млрд теңге, мамырда 45,6 млрд теңге жіберілді.

Ресейден кейін АҚШ (19,8 млрд теңге), Қырғызстан (19,1 млрд теңге), Оңтүстік Корея (17 млрд теңге), Өзбекстан (16,3 млрд теңге), Германия (8,7 млрд теңге) және Түркия (5,8 млрд теңге) орналасқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама