Halyq Uni логотип
×

Сот Құлыбаевты Алматыдағы ғылыми орталықтың жерін қайтаруға міндеттеді

АГПО-ға тиесілі жер телімдеріне қатысты сатып алу-сату шарттарының күші жойылды

 Динара Амантай 14.07.2022 | 17:47
Сот Құлыбаевты Алматыдағы ғылыми орталықтың жерін қайтаруға міндеттеді
Коллаж: Halyq Uni

Жер мәселелері жөніндегі сарапшы, заңгер Бақытжан Базарбек Facebook желісіндегі парақшасында бір күн бұрын Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығына тиесілі жер телімі бойынша барлық азаматтық-құқықтық мәмілелердің күшін жойғаны туралы жариялады.

Оның айтуынша, Алматы қаласы МАЭҚ судьясы Гүлнар Сәтбаева Жер ресурстарын басқару департаментінің барлық азаматтық-құқықтық мәмілелерді, соның ішінде Құлыбаевтар құрған «Enterprise Development Group» ЖШС-нің жер телімін сатып алу-сату келісімшартын бұзу туралы талап арызын қанағаттандырған.

Мұрат Теміржанов, Сіздің қолдауыңызсыз бұған қол жеткізу мүмкін емес еді. Мен сізді Алматы қаласы акушерлік, гинекология және перинатология орталығының заңсыз иеліктен шығарылған жер телімін қайтарудағы жеңісіңізбен құттықтаймын, – деп жазды заңгер.

Бұған дейін vlast.kz басылымы 2000-жылдардың басында Тимур Құлыбаевтың компаниясы Алматы тауларының етегіндегі Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығына тиесілі жер телімін алып қойғаны туралы жазған. Редакцияның мәліметінше, 11 жыл бойы жер олигархқа қатысы бар компаниялардың арасында қолдан қолға өтіп жүрген. Кейін бұл жерде элиталық тұрғын үй кешенінің құрылысы басталды. Алайда маңайында орналасқан кеңес заманында салынған көпқабатты үйлердің тұрғындары мен әкімдіктің түрлі құрылымдары құрылыс салушымен бір жылдан бері күресіп келген, бірақ ұдайы жеңіліске ұшырап отырған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама