×

Автонесиеге өтінім қабылдау қайта басталады

Бағдарлама 30 жылға есептелген

 Дастан Жұмабекұлы 14.07.2022 | 17:08
коллаж: Halyq Uni

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ 13 шілдедегі жағдай бойынша Жеңілдікті автонесие бағдарламасына қатысушы банктер 90 млрд теңгеге 11 825 өтінімді мақұлдағанын хабарлады.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалпы сомасы 59,546 млрд теңгеге 7 852 автокөлік, оның ішінде «Еуразиялық банк» АҚ – 25,4 млрд теңгеге 3 248 өтінімді, «Банк Центр Кредит» АҚ – 27,7 млрд теңгеге 3 647 өтінімді, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ – 23,1 млрд теңгеге 3 009 өтінімді, «Forte Bank» АҚ – 14,4 млрд теңгеге 1 921 өтінім мақұлданды.

Қазіргі уақытта қатысушы банктер мақұлданған өтінімдер бойынша автонесие берудің соңғы рәсімдеріне байланысты қаржыландыру лимиті босатылғанға дейін өтінімдерді қабылдауды уақытша тоқтатты. Егер босатылған лимиттер шегінде қаражат болса, қатысушы банктер өтінімдерді қабылдауды жалғастыруды жоспарлап отыр.

«Еуразиялық банк» АҚ 10 млрд теңге көлеміндегі кезекті траншты алу рәсімін бастады. Оны келесі айда аяқтау жоспарланған.

Жеңілдікті автонесиелерді қаржыландыру бағдарламасы 30 жылға есептелген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама