Әзірше жоспар 40 пайызға орындалды
Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкіметтің кеңейтілген отырысында 40-тан астам компания мен 550 нысан мемлекет меншігіне қайтарылып жатқанын айтты.
Жекешелендірудің кешенді жоспарына 721 ұйым кіреді. Бүгінде жоспардың орындалуы 40% болып отыр.
Үкімет басшысының айтуынша, жекешелендіруді одан әрі кеңейту мақсатында 180 нысанның қосымша тізімі жасалды. Сонымен бірге Үкімет Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып, мемлекеттің экономикаға қатысуын азайту тәсілдерін әзірледі.