Қаңтар оқиғасынан кейін Кәрім Мәсімовтің немере бауыры қызметінен босатылған
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Павлодар облысы полиция департаментінің экс-басшысы Нұрлан Мәсімовтің ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Ақпаратта шығыста, Ресей шекарасында деп жазылды. Бұл басқа облыс та болуы мүмкін. Оның болған жеріне қатысты ештеңе айта алмаймын. Бұл жағдайда құзырлы органдардың тиімді жұмыс істегеніне күмәнім жоқ, – деді облыс әкімі ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетсек, кеше Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұрлан Мәсімовтің Шығыс Қазақстан облысының аумағында ұсталғанын хабарлаған еді.