Балаларға арналған туындыда ЛГБТ кейіпкерлері бейнеленген
«Buzz Lightyear» анимациялық фильмі Қазақстандық кинотеатрларда көрсетілмейтін болды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook-тегі парақшасында жазды.
Аталмыш мультфильм көрермендер назарына 2022 жылдың 14 шілдесінде ұсынылады деп жоспарланған еді.
Ел азаматтары мен БАҚ өкілдері тарапынан шетелдік «Buzz Lightyear» анимациялық фильміне қатысты көптеген сұрақ келіп түсті. Жауабымды осы пост арқылы жеткізуді жөн көрдім. Аталған картина Қазақстан кинотеатрларында көрсетілмейді, – деп жазды министр.
Еске сала кетсек, бұған дейін ҚМДБ-ның ресми өкілі Ағабек Қонарбайұлы ЛГБТ насихаты бар мультфильмді көрсетуді қолдамайтынын айтқан болатын.