Halyq Uni логотип
×

Питер Гриффитс Қазақстанның авиация әкімшілігі басшысы қызметінен кетті

Ол авиация әкімшілігінде 2 жылға жуық қызмет атқарды

 Айнұр Шошаева 26.01.2022 | 10:44
Питер Гриффитс Қазақстанның авиация әкімшілігі басшысы қызметінен кетті
Питер Гриффитс, фото: caakz.com

Питер Гриффитс «Қазақстанның авиация әкімшілігі» АҚ бас директоры қызметінен кетті. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен хабарланғандай, Питер Гриффитстің «Қазақстан авиация әкімшілігі» АҚ бас директоры ретіндегі өкілеттігі өз өтініші бойынша 2022 жылдың 7 ақпанынан бастап тоқтатылған.

Питер Гриффитс Қазақстанның авиация әкімшілігі құрылғаннан бері 2 жылдан аса уақыт жұмыс істеді.

7 ақпаннан бастап бас директордың міндетін директордың бірінші орынбасары, 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап ұшу қауіпсіздігі басқармасының басшысы қызметін атқарған Линда Орледи атқаратыны айтылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама