Мемлекеттік думаның депутаты соғыс ашу керектігін айтты
Ресей Мемлекеттік думасында Литван Республикасының Калининград облысымен шектесетін территориясын басып алу ұсынылды.
Бұл туралы The Moskow Times порталы хабарлады.
Мемлекеттік думаның қорғаныс жөніндегі комитетінің мүшесі генерал-лейтенант Андрей Гурулев Литваға Калинград облысына жолды жауып тастағаны үшін соғыс жариялап, біржолата басып алу керектігін айтты.
Оның айтуынша, Литва бір өзі ғана жүк тасымалдау жолын жаппаған. Оны Литваға істетіп отырған батыс елдері. Сондықтан Ресейге Беларусь пен Литваның шекарасында әскери топ орналастырып, жүк тасымалдау жолын толығымен бақылауға ал керек.
Беларусь пен Литваның шекарасында әскерімізді орналастырып, Калининград облысына баратын дәлізді бақылауға алсақ, бізге ешкім ештеңе демейді. Керек болса дәліздің өзін басып алу керек. Сонда ғана Литваның Батыстағы қожайындары тәубесіне келеді, – деді ол.
Ал Брюссельде Еуропа одағының шенеуніктері Калининградқа жүк жеткізуге рұқсат ету үшін Ресейге қарсы санкциялық режимді өзгерту жайлы мәселе талқылап жатқанда, Литва оны бұрынғыдан бетер күшейтіп жіберді.
Литваның анклавқа жібермейтін тауарлары арасына 11 шілдеден бастап цемент пен спирт кірді. Ал 10 тамызда тыйым салынған тауарлар қатарына көмір мен қатты пайдалы қазбалар, 5 желтоқсанда ЕО шешімімен кезең-кезеңімен қосу шеңберіндегі тыйымға жататын мұнай және мұнай өнімдері осы тыйым қатарына қосылады.
Литва 17 маусымнан құрылыс жүктері мен металдардың теміржолмен Калининградқа жіберілу жолын кескен болатын.
Қазір Ресей Еуропа комиссиясымен және Литвамен келіссөз жүргізуді жалғастырып жатыр.