Жаңа, тың әдіс-тәсілдерді қолдану керек дейді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің жұмысына орташа деген баға берді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Жалпы Үкіметтің жұмысына орташа деген баға беруге болады. Үкімет табандылық танытуға тырысып жатыр. Бірақ қазіргі кезеңде босаңсуға болмайды. Жұмыс қарқынын барынша күшейту қажет. Жаңа, тың әдіс-тәсілдерді қолдану керек, - деді президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Оның пікірінше, Үкімет жедел әрекет ететін оперативтік штаб қана емес, нақты реформаларды ұсынатын және жүргізетін басты мемлекеттік мекеме болуы шарт.
«Қазақстанда экономистер, кәсіпкерлер көп. Шетінен білімді, дарынды. Бірақ олардың нақты ұсыныстары аз, тіпті, жоқ деп айтуға болады. Күзге қарай, мүмкін, кадрлық шешімдер қабылдау керек болады. Ерекше дағдарыс жағдайында бұл өте қажет екені түсінікті», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.