«Әуре-сарсаңға салдыңыз». Президент киік атуға рұқсат берген Брекешевке де сөгіс жариялады
Оның пікірінше, 80 мың киікті ату мәселесіне кәсіби тұрғыдан қарау керек
Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевке де сөгіс жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Мен министрге сөгіс жариялаймын. Киіктер популяциясының тағдыры төңірегінде түсініксіз әуре-сарсаң мен пікірталас тудырдыңыз. Мұның бәрін қоғамдық талқылауға неге шығардыңыздар? Бұл мәселеге ұлтымыздың ділін ескеріп, кәсіби тұрғыдан келу керек. Шынында да киіктер қазақ үшін қасиетті жануар болып саналады. Алайда 80 мың киікті өлтіру туралы ұсыныс енгізіледі, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Осы орайда ол министрге бұл мәселеде арнайы мамандармен ақылдасу керектігін ескертті.
«Басқа әдістері бар шығар. Мамандармен ақылдасаңыз. Мен бұл шараға жүгінуге тура келуі мүмкін екенін жоққа шығармаймын. Бірақ бұл – соңғы шара. Мәселеге кәсіби тұрғыдан қарау керек», - деп түйіндеді сөзін мемлекет басшысы.