Ислам Республикасы АҚШ-тың алдында ақталуда
Иран Ислам Республикасы бұған дейін жер-жүзіне Ресейге соғыс беспилотниктерін сатқалы жатқаны туралы тарап кеткен хабардың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Бұл туралы The Moskow Times порталы хабарлады.
Иран Ресейге жауынгерлік беспилотниктер сататыны жайлы ақпарды жоққа шығаруға тырысып жатыр. Иран Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдолла РФ-мен қорғаныс жөнінде келісім болғанына қарамастан, ешбір елген көмектеспейтінін айтты.
Оның айтуынша, Иран Украинадағы жағдайды одан әрі ушықтыратын әрекеттен, соның ішінде әскери техника беруден бас тартады.
Бұған дейін АҚШ Президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джейк Салливан Тегеранның Украинадағы соғыста қолдануы үшін Ресейге бірнеше жүз жауынгерлер және басқа да беспилотниктер сатқалы жатқанын мәлімдемеген болатын.