Буряттар Украинадағы соғысқа барудан бас тартып жатыр

Дастан Жұмабекұлы

Олар автобустардан секіріп қашқан

фото: pravda.com.ua

Ресейде ұлты бурят әскери қызметкерлер арасында Украинадағы соғысқа қатысудан бас тартып жатқандардың саны күн өткен сайын көбейіп жатыр.

Бұл туралы The Moskow Times порталы хабарлады.

Буратияда 500-ден астам жуық әскери қызметкер Украина халқымен соғысудан бас тартып, келісімшаттарын бұзып жатыр. «Свободная Бурятия» қорының басшысы Александра Гармажапова украинның Freedom телеарнасына берген сұхбатында 150 адамнан тұратын кезекті топтың 9 шілдеде отандарына қайтып келгендерін хабарлады.

Заңға сәйкес, келісімшарт бойынша қызмет етуші әскерилер оны бұзып, Украинадағы соғысқа қатыспауларына болады. Алайда, командование әскери қызметкерлердің соғысқа бармау үшін жазған өтініштерін қабылдаудан бас тартып, әскерилердің туған-туыстарымен және заңгерлермен байланыс жасауларына мүмкіндік бермеген.

Бізге хабарласушылардың басым бөлігі бір өзінің ғана атынан сөйлеп тұрмағанын айтады. Яғни, оның қасындағыларды не сыртқа шығамай қойған болады, не телефон жалғыз болады. Олар бізге қоңырау шалып, жазып, бұдан әрі не істеулері керек екендерін сұрайды, өзінен басқа тағы 10-15 адам бар екенін жеткізеді. Біз кеңес береміз. Жалпы саны 500-ге жуық адам біз арқылы өтті. Олардың бәрі соғыста өздерінің не істеп жүргендерін түсінбеген болып шықты, – деді қордың басшысы.

Гармажапова бурят контрактиктері әйелдерінің үндеуі туралы да айтты. Онда келіншектер күйеулерін елге қайтаруды сұраған. Оның айтуынша, әскерилер контрактыны бұзу жөнінде өз баянаттарын жазып, тапсырып қойған. Бірақ үндеу жарияланғаннан кейін де оларды тағы 10 күнге Украинада алып қалған.

«Свободная Бурятия» қорының басшысы мұндай жағдайлардың басқа өңірлерде де кездесіп жатқанын атап көрсетті.

Осыдан үш апта бұрын 20-ға жуық тыва солдаттары келісімшарттарын үзуге шешім қабылдаған. Алайда, олардың бәрі Украинаның шығысындағы оккупанттар басып алған аудандардың бірінен шыға алмай отыр. Олар енді командованиенің ешбір қару-жарақсыз алдыңғы шепке қарай айдап салулары мүмкін екенін айтады, – деді Гармажапова.

Оның айтуынша, шындап келгенде ұлты бурят пен тыва әскерилері соғыста өздерінің не істеп жүргендерін түсінбей жүр. Қазір олар Ресейде орта жолда соғысқа барғысы келмей, автобустан секіріп, қашып жатыр.