Halyq Uni логотип
×

Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны өсуде

Қазіргі уақытта 4447 адам аурудан емделіп жатыр

 Динара Амантай 14.07.2022 | 09:56
Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны өсуде
Фото: Halyq Uni

Елімізде өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1104 адам анықталды.

Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында - 328, Алматы қаласында - 350, Шымкент қаласында – 102, Ақмола облысында – 14, Ақтөбе облысында – 10, Алматы облысында - 88, Атырау облысында - 18, Шығыс Қазақстан облысында - 13, Жамбыл облысында - 40, Батыс Қазақстан облысында - 11, Қарағанды облысында - 58, Қостанай облысында - 15, Қызылорда облысында - 16, Маңғыстау облысында - 12, Павлодар облысында - 10, Солтүстік Қазақстан облысында - 10, Түркістан облысында 9 індет жұқтырған.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 312 294-ке жетті.

Сонымен бірге осы уақытқа 334 тұрғын қауіпті індеттен жазылып шыққан. Нұр-Сұлтан қаласында - 69, Алматы қаласында - 230, Алматы облысында - 14, Қарағанды облысында - 17, Қостанай облысында - 3, Түркістан облысында 1 адам үйлеріне оралды.

Елімізде барлығы 1 294 233 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

Айта кетейік, кеше коронавирус жұқтырудың 820 дерегі тіркелген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама