Halyq Uni логотип
×

Украина Шешенстанның тәуелсіздігін тануды ұсынды

Жоғарғы Раданың депутаттары Батыс елдерінен осы бастаманы қолдауды сұрады

 Дастан Жұмабекұлы 14.07.2022 | 09:47
Украина Шешенстанның тәуелсіздігін тануды ұсынды
фото: kavkazr.com

Украина Жоғарғы Радасының депутаттары Шешенстан Республикасының тәуелсіздігін тануды ұсынды.

Бұл туралы The Moskow Times порталы хабарлады.

Украина Жоғарғы Радасының депутаттары Алексей Гончаренко мен Муса Магомедов Ичкерия Шешенстан Республикасының егемендігін тану туралы қаулының жобасын қарауды ұсынды. Әлеуметтік желіге шыққан Гончаренко Ресей әскерлерінің Украинадағы әрекеттерін екі шешен соғысымен салыстырды, сондай-ақ Мәскеудің әлі жалғасып келе жатқан Шешенстандағы терроры саясатын айыптады, – делінген хабарламада.

Гончаренко Ичкерия жауынгерлерінің Украина үшін Ресей басқыншыларымен соғысып жатқанын айтты. Ол Владимир Зеленскийден Еуропа Одағына, АҚШ-қа және басқа да елдерге ұсыныспен шығып, осы бастаманы қолдауды сұрады.

Өзін өзі жариялаған Ичкерия Шешенстан Республикасы (ИШР) КСРО ыдырар алдында, 1991 жылғы шілде айында өзінің тәуелсіздігін жариялаған еді. Содан бері тура 31 жыл өтті. Ал 1993 жылғы 9 қаңтарда Мәскеу бұл территорияны – бұрынғы Шешен-Ингуш АКСР-ының бір бөлігі Ресей Федерациясы құрамындағы Шешен Республикасы деп есептейтін қаулы қабылдады.

1994-1996 жылдары Ресей армиясы ИШР-ды күштеп РФ құрамына қайтаруға әрекет жасады. Алайда, бұдан ештеңе шықпаған соң 1999 жылы Екінші шешен соғысы басталды. 2000 жылғы көктемге қарай ИШР жойылды. Оны БҰҰ-ның бірде-бір елі мойындаған жоқ.

Қазір Британияда тұрып жатқан Ичкерия лидерлерінің бірі Ахмед Закаев биылғы ақпан айында Украина президенті Владимир Зеленскийден Еуропадағы Шешенстан тумаларын украин жеріндегі соғысқа жіберуді сұрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама