Украина әскері тойтарысқа дайындалуда

Халық үні

Часов Яр қаласына зымыранмен жасалған шабуыл құрбандарының саны 45 адамға жетті

фото: ашық дереккөзден

Украина әскері елдің шығысында Ресейдің ауқымды әскери операциясына тойтарыс беруге дайындалып жатыр, деп хабарлайды «Qazaqstan» телеарнасы. 

Донецк облысы басшысының сөзінше Бахмут пен Северск, Славянск пен Краматорск маңында Ресей әскері шоғырланып жатқаны байқалады.

Луганск облысын толықтай басып алған Мәскеу енді Донецкіні жаулауды көздейді. Ал Часов Яр қаласына зымыранмен жасалған шабуыл құрбандарының саны 45 адамға жетті.

Тағы бір мәлімет. Бүгін Украина астығын экспорттау Стамбулда талқыланады. Ресей, Украина және Түркияның делегаттары БҰҰ-ның өкілдерімен осы мақсатта кездеседі.

"Би-Би-Си"-дің дерегінше, Украинаның ауылшаруашылық жерлерінің 22 пайызы қарулы қақтығыс кезінде Ресейдің бақылауына өткен.