Ол жалған құжатпен Ресей шекарасынан өтпек болған
Ресей Федерациясының арнайы қызметінің көмегімен Қазақстан-Ресей шекарасының шығыс учаскесінде өткізу пункттерінен тыс жерден заңсыз өту әрекеті кезінде ҚР және РФ азаматтарынан тұратын бір топ адам ұсталды, деп хабарлайды ҰҚК-нің ресми сайты.
Олардың арасында бастапқыда өзі туралы жалған деректер берген іздеудегі Павлодар облысы бойынша полиция департаментінің экс-бастығы Нұрлан Мәсімов анықталды.
Келісімдер аясында Ресей тарапы 13 шілдеде Н.Мәсімовты ҰҚК Шекара қызметі қызметкерлеріне берді. Қажетті тексерулер мен сұрақ алу іс-шараларынан кейін құзыреті бойынша іздестірудің бастамашысы болған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке берілді.