Halyq Uni логотип
×

Нұрлан Мәсімов шекарадан өтпек болған жерінен ұсталды

Қаңтар оқиғасынан кейін Кәрім Мәсімовтің немере бауыры қызметінен босатылды

 Ая Өміртай 13.07.2022 | 18:06
Нұрлан Мәсімов шекарадан өтпек болған жерінен ұсталды
фото: Нұрлан Мәсімов, Кәрім Мәсімов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыстық қудалаудан жасырынған адамдарды іздестіруге ерекше назар аударады.

13 шілдеде Антикор шекара қызметімен бірлесіп жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының аумағында Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны жалған құжаттар бойынша өту әрекеті кезінде Нұрлан Мырзаханұлы Мәсімовті ұстады.

Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы аса ауыр коррупциялық қылмыс жасағаны үшін іздестірілді.

Нұрлан Мәсімов Павлодар облыстық полиция департаменті басшысы қызметіне 2019 жылдың қараша айында тағайындалды. Биыл қаңтар оқиғасынан кейін - 15 қаңтарда қызметтік лауазымынан босатылды. Бұдан кейін көп ұзамай оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, іздеу жарияланды.

Еске салайық, ол аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Антикор оның жүрген жері туралы мәліметке 12 миллион теңге сыйақы жариялаған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама