Олар ауданда бірнеше рет қылмыс жасаған
Алматыда полицейлер қымбат аудандағы пәтерлерді тонаған қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды polisia.kz.
Топтың құрамында 29 және 35 жастағы ер адамдар болған. Олар бұрын пәтер тонап, қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет сотталған.
Самал шағын ауданында күдіктілерді полицияның арнайы жасағы ұстады. Осыған дейін олар әйелдің пәтерін тонап, алтын бұйымдарын, қол сағатын, ноутбукты алып кеткен. Салдарынан тұрғынға 1 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандардың осы аудандағы жасалған тағы екі ұрлыққа қатысы бары анықталды. Күдіктілер қамауға алынды, - дейді Алматы қаласы Полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Әбілбеков.