×

Елімізде оқу орындарына құжат қабылдау басталды

Осы аптада бір ЕҰУ-нің өзіне 100 мыңдай құжат қабылданады

 Дастан Жұмабекұлы 13.07.2022 | 16:03
Фото: Мақпал Орынбек

Бүгін еліміздің барлық өңірінде жоғары оқу орындарына құжат қабылдау басталды. 

Осыған байланысты Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде болып, түлектерді қабылдау комиссиясының дайындығын тексеріп, комиссияның жұмысымен танысты. 

Бұл туралы baq.kz хабарлады.

Қолда бар мәліметке қарағанда, қабылдау комиссиясы құжаттарды сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін үзіліссіз қабылдап жатыр. Бүгін сағат 15.00-ге дейін 4 273 талапкердің құжат қабылданды.

Министрдің айтуынша, бұл қабылданған құжаттардың бес пайызына жуығы ғана. Осы аптада 100 мыңдай құжат түседі деп күтілуде. Бүгін ЕҰУ-дың өзінде айналасы 3-4 сағатта 206 құжат қабылданған.

Сонымен бірге министр бос қалған гранттардың қалай бөлінетінін айтты.

Тамыздың соңы-қыркүйектің басында гранттардың бір бөлігі, бірнеше пайызы бос қалуы мүмкін. Оларды министрлік ЖОО немесе ауылдық квотасы барларға бөліп береді. Сонымен қатар биыл батыс өңірлерге 10 мың арнайы грант бөлініп отыр. Олар Атырау, Маңғыстау мен Ақтөбе облыстарына беріледі.  Мұны біз жеке бақылауда ұстаймыз, - деді ведомство басшысы.  

Биыл жоғары оқу орнына түсу үшін талапкердің балы 65-тен кем болмауы тиіс. Ал білім беру гранттары ҰБТ сертификаттарының ұпайларына сәйкес конкурстық негізде беріледі. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама