Өскемен мен Семей арасында кеме жүреді
Өзен қатынасы қайта жанданады
Болашақта Абай облысында кеме қатынасы жандануы мүмкін.
Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаев айтты. Ол бұрынғы өзен портын аралап, кеме қатынасын жандандыру қажеттігін атап өтті.
Ертіс өзенінде кеме қатынасын жандандыру ниетіміз бар. Бұл әңгіме бұрынан бері айтылып келе жатыр. Осы істі қолға алатын кез келді, - деді Нұрлан Ұранхаев.
Облыс басшысы қалада кеме қатынасын жаңғырту үшін барлық қажетті нәрсенің бар екенін айтты. Ол алдымен инвесторлардың кеме қозғалысын қолдап отырғанын ескертті.
Бізде ұсыныстар бар, инвесторлар бар. Бұрын Өскемен мен Омбы арасында Семей арқылы біздің мақтанышымыз – «Ракеталар» жүретін. Кеме қатынасын қайта жандандырсақ жақсы болар еді. Иә, менің ойымша, қазірдің өзінде жұртты тас жолмен жүру шаршатты. Өскеменнен Семейге дейін шлюздеуді есепке алғанда үш жарым сағаттай. Көбісі мінеді деп ойлаймын. Жүк тасымалдарына келетін болсақ, бұл басқа әңгіме. Оны ескереміз. Бірақ оған басқа инвесторлар керек, – деді Н.Ұранхаев.
Егер осы іс қолға алынып, Ертіс өзенімен кеме жүзетін болса, барыс-келістің де көбейетіні сөзсіз.