Halyq Uni логотип
×

Сирек құбылыс: бүгін толған Ай түні бойы жарқырап тұрады

Айдың перигейі – Ай мен Жердің бір-біріне ең жақын орналасқан нүктесі

 Еркеғали Болатұлы 13.07.2022 | 14:50
Сирек құбылыс: бүгін толған Ай түні бойы жарқырап тұрады
фото: ашық дереккөз

Қазақстандықтар жақын күндері Айдың перигейі мен жұлдыз ағатын мезгілді көре алады.

Айдың перигейі – Ай мен Жердің бір-біріне ең жақын орналасқан нүктесі. 13 шілдеде адамдар осы жылдың ең үлкен перигейін тамашалайды.

Сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні қазақстандықтар 2022 жылғы ең жарық және ең үлкен Айды көре алады. Өйткені Жердің жалғыз табиғи серігі бізге 357-263 шақырым қашықтықта жақындайды.

Алматы тұрғындары толған айды жергілікті уақыт бойынша 00:38-де көреді, Ай түні бойы жарқырап тұрады. Ал күн шыққанға жақындаған кезде қырағы көздер көк аспандағы Юпитер мен Сатурнды көре алады.

30 шілдеге қараған түні тағы бір таңғажайып табиғат құбылысы болады. Бұл дата жұлдыз ағатын мезгілге тұспа-тұс келеді деп болжанып отыр. Жер тұрғындары сағатына шамамен 16 жұлдызды бақылауға мүмкіндік алады. Астрологтар оны таң сәріге жақын уақытта көруге кеңес беріп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама