Halyq Uni логотип
×

«Самұрық-Қазына» қорының бірқатар қызметкері орнын босатты

Қорда кадрлық ауыс-түйіс жалғасып жатыр
 

 Халық үні 25.01.2022 | 17:20
«Самұрық-Қазына» қорының бірқатар қызметкері орнын босатты
коллаж: Halyq Uni

«Самұрық-Қазына» мәліметінше, Мемлекет басшысы тапсырмаларын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, жазған арыздары негізінде бүгін қызметінен бірқатар маман босатылды. Олар:

  • Кравченко Андрей Николаевич, Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор – «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма мүшесі.
  • Манкеев Мұхтар Наурызбайұлы, «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару және әлеуметтік-еңбек қатынастары жөніндегі басқарушы директор.
  • Дурмагамбетов Ерлан Дмитриевич, «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия, тұрақты даму және цифрлық трансформация жөніндегі басқарушы директор.
  • Тажигалиев Мұхтар Өтепқалиұлы, «Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді басқару жөніндегі тең-басқарушы директор.
  • Есполов Бектенбай Тлектесұлы, «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғам және үкіметпен байланыс жөніндегі серіктес басқарушы директоры.
  • Тусупбеков Жаннат Рашидұлы, «Біріккен химиялық компания» ЖШС басқарма төрағасы.
  • Кожаков Қуат Асқарбекұлы, «Samruk-Kazyna Trust» КҚ бас директоры.

Портфельдік компанияларға корпоративтік орталық қызметкерлерінің санын заң талаптарына сәйкес екі есе қысқартып, өндірістік қызметкерлердің жалақысын алғашқы кезеңде орташа салалық көрсеткіштерге дейін көтеру туралы кеңес берілді.

Портфельдік компанияларға сатып алуларға жауапты барлық басшыны заң талаптарына сәйкес қызметінен босатып, қор тобына репутациялық әрі жемқорлық қауіп төндіретін барлық қызметкерді жұмыстан босату туралы кеңес берілді. Портфельдік компаниялар бірқатар қызметкерді қысқартатынын жеткізді («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – 78 адам, «Қазатомпром» ҰАК» ҰҚ – 46 адам, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ - 32 адам және басқалар).

Бұған дейін жарияланғандай, корпоративтік орталық қызметкерлерінің саны екі есе қысқарды (штаттық қызметтер 177-ден 124-ке дейін қысқарту, аутстаффинг 71-ден -  толық жою). Басқарушы қызметтер 10-нан 5-ке дейін қысқарды. Құрылымдық бөлімдер саны 27-ден 18-ге дейін қысқарды.

«Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының 2022 жылғы 24-ші қаңтардағы шешімімен «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС бас директоры А.К.Сұлтановтың, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы Б.А.Сандықбаевтың, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС бас директоры А.Ж.Ақыловтың, «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС бас директоры С.К.Елшібековтың уәкілеттіктері мерзімінен бұрын аяқталып, олармен еңбек қатынастары тоқтатылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама