Ол әкесінен 13 жасында айырылған болатын
Танымал ресейлік продюсер Арман Дәулетияровтың анасы қайтыс болды. Ол қаралы хабарды Instagram парақшасында естіртті.
Кеше анашым өмірден өтті. Ол мүлдем ауырмаған еді. Денсаулығына да шағымданған жоқ. Құрбан айтты тойлап, қонаққа барып жүрді. Оның қазасынан бір сағат бұрын телефонмен сөйлескен едім, Ал енді ол арамызда жоқ. Бірнеше минутта жүріп кетті. Жастыққа жастанып, мәңгілік сапарға аттанып кетті. Күллі әлемім көз алдымда түнекке айналды. Көз жасымды тоқтар емеспін. Мен әрі қарай сүйікті анашымсыз қалай өмір сүретінімді білмеймін, – деді ол.
Оның айтуынша, анасы еш ауырмастан, денсаулығына шағымданбастан қайтыс болды. Продюсер әкесінен 13 жасында айырылған болатын.