Рыбакинаның қызуы көтеріліп, сырқаттанып қалды
Ол емделіп болған соң, жоспары белгілі болады
«Уимблдон» турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакинаның қызуы көтеріліп, сырқаттанып қалды.
Бұл туралы Теннис федерациясының ресми өкілі Павел Цыбулин хабарлады.
Өкінішке қарай, «Уимблдон - 2022» турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакинаның алыс жолдан шаршап, қызуы көтеріліп, сырқаттанып қалды. Сол себептен ол Алматыға жанкүйерлермен кездесуге бара алмайды. Біздің теннисист Алматыда журналистермен және жас теннисшілермен кездесуді жоспарлаған болатын.
Еленаға тез сауығып кетуін тілейміз! Сондай-ақ Еленамен кездесуді асыға күткен жанкүйерлерден кешірім сұраймыз, – деді ол.
Елена Рыбакина емделіп болған соң, жоспары белгілі болады.