Жаңа рейстер ашылып жатыр
Қазақстан мен Ресейдің арасында жаңа әуе рейстері ашылатын болады.
Бұл туралы Red Wings әуекомпаниясы хабарлады.
Компания шілде айынан бастап Мәскеуден Ақтөбеге, одан кейін Ақтөбелен қайтып Мәскеуге рейстерін ұшыруды бастайды.
Red Wings мәліметіне қарағанда, бұл бағытта 100 орынға арналған ресейлік SSJ 100 лайнерлері ұшады. Рейстер Жуковский халықаралық әуежайынан (Мәскеуден оңтүстік-шығысқа қарай 20 шақырым) ұшырылады.
Мәскеу - Ақтөбе рейстері 29 шілдеде басталып, жұма күндері, ал Ақтөбе – Мәскеу рейстері 30 шілдеден сенбі күндері болады.
Сәуірден бастап әуекомпания Жуковскийден Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына, шілдедің басынан бастап Ақтауға рейстер ұшырып келеді.
Ресейлік әуекомпания Алматы – Челябинск бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін де ашуды жоспарлап отыр.
Рейстер 17 шілдеден бастап аптасына бір рет жексенбі күндері ұшырылады.