Коронавирус жұқтырғандар саны көбейіп жатыр
Елімізде 16 науқастың жағдайы өте қиын
Өткен тәулікте Қазақстанда 820 адам СOVID-19 жұқтырды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Елімізде коронавирус жұқтырудың 820 дерегі тіркелді:
- Нұр-Сұлтанда – 180,
- Алматыда – 280,
- Шымкентте – 87,
- Ақмола облысында – 8,
- Ақтөбе облысында – 3,
- Алматы облысында – 67,
- Атырау облысында – 17,
- Шығыс Қазақстан облысында – 12,
- Жамбыл облысында – 35,
- Батыс Қазақстан облысында – 7,
- Қарағанды облысында – 56,
- Қостанай облысында – 9,
- Қызылорда облысында – 19,
- Маңғыстау облысында – 10,
- Павлодар облысында – 8,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 9,
- Түркістан облысында – 13.
Осылайша, елімізде СOVID-19 жұқтырғандар саны 1 311 190-ға жетті.
Сондай-ақ өткен тәулікте 343 адам коронавирустан айықты:
- Нұр-Сұлтанда – 74,
- Алматы қаласында – 236,
- Атырау облысында – 2,
- Жамбыл облысында – 9,
- Қарағанды облысында – 16,
- Қостанай облысында – 4,
- Павлодар облысында – 2.
Қазақстанда барлығы 1 293 899 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
13 шiлдедегi мәлімет бойынша, 3 700 адам коронавирустан емделіп жатыр.
Олардың ішінде 433 науқас стационарда, 3 267 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.16 адамның жағдайы ауыр, жағдайы өте ауыр және өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған науқас жоқ, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, кеше коронавирус жұқтырудың 482 дерегі тіркелген еді.