Опырылу кезінде 190 кенші жер астында болған
Ресейдің Кузбас қаласында құтқарушылар 5 шілдеде тау-кен жынысы опырылғаннан өлді деп саналған «Распадская-Коксовая» шахтасының жұмысшысын тірі тапты, деп хабарлады РИА Новости.
Елдің Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, опырылу кезінде 190 кенші жер астында болған. Олардың 188-і жер бетіне шығарылып, екеуі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді. Екі кеншімен байланыс үзіліп, олардың біреуінің мәйіті 6 шілдеде жер бетіне шығарылды. Сот шешімімен шахтадағы жұмыс 90 күнге тоқтатылды.
Тірі! Бүгін түнде құтқарушылар опырылу кезінде «Распадская-Коксовая» шахтасының бұрғылау қондырғысының жүргізушісі қалып қойған аумаққа жетті. Кенші жарақат алған, бірақ тірі! Нағыз батыр! Ол тез арада жер бетіне шығарылып, дәрігерлерге табысталды, - деп жазды Междуреченск қаласының мэрі Владимир Чернов өзінің телеграм каналында.
Кенші тау-кен жынысы опырылғаннан кейін 7 күн бойы көмек күтіп, шыдап жатқан.
Еске салсақ, «Распадская-Коксовая» шахтасында тау-кен жынысы сейсмикалық жағдай салдарынан опырылған еді.