«Мен жай ғана дойбы ойнадым»: 10 жасар қыз Украинаның әскеріне 21 мың гривен жинады (ВИДЕО)
Валерия Лера өзімен ойнағысы келген адамдарға бір шарт қойды: егер қарсыласы ұтылса, ойын үшін қалаған сомасын төлейді
Он жасқа дейінгі қыздар арасындағы дойбыдан әлем чемпионы Валерия Ежова украиндықтарды өз әрекетімен таңғалдырды. Ол ел әскеріне қаржы жинау мақсатында барлық адамдармен ашық ойындар ұйымдастырған. Сөйтіп, мақсатына жеткен қыз үш жауынгерлік дрондарды сатып алуға қаражат жинау акциясын жариялаған журналист Сергей Притуланың қайырымдылық қорына 21 мың гривен тапсырды.
Валерия Лера өзімен ойнағысы келген адамдарға бір шарт қойды: егер қарсыласы ұтылса, ойын үшін қалаған сомасын төлейді. Егер ол жеңіске жетсе немесе тең ойнай алса, онда қарсыласы тағы бір партияны тегін ойнауға құқылы болды. Алайда, бір де бір қарсыласы Валерияны жеңе алмаған.
Мұндай талап көп адамның қызығушылығын тудырды. Бір сағаттың ішінде Валерия Лера 25-30 партия ойнап, бәрін жеңді! Кейбір ойыншылар қайтадан ойнауға келді. Ал сегіз жастағы бір бала 4 рет ойнады. Ол әлем чемпионын қалайда болса жеңгісі келді. Бірақ Валерияға қарсы оның мүмкіндігі болмады. Дойбышымыз оған жеңілдік те жасады, - дейді Киев дойбы федерациясының вице-президенті Виктор Коваленко.
Журналист Сергей Притула қайырымдылық қорға 21 мың гривенін тапсырған кішкентай қыздың әрекетіне таңғалып, еріксіз көзіне жас алды. Бұл сәтті қыздың анасы видеоға түсіріп алды.